Мұратқали Дүйсембаев 1955 жылы 15 қарашада Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін және Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған.
«Халық кеңесі» қоғамдық-саяси апталық газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, республикалық «Заман Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақ тілінде тұңғыш рет күнделікті ақпарат таратқан «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетін ұйымдастыруға атсалысып, осы газеттің бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары республикалық «Қала мен дала» газеті бас редакторының орынбасары болды. 2009 жылдан бастап республикалық «Алаш айнасы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары.
Мұратқали Дүйсембаев
Последние статьи автора