Мұрат Жұрынұлы Жұрынов

 Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 1941 жылы 7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ химия-технология институтының технология факультетін «Электрхимиялық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша, 1970 жылы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің аспирантурасын бітірген. Химия ғылымдарының кандидаты (1970), докторы (1981). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Кейбір табиғи қосылыстар негізінде фармакологиялық белсенді заттардың электрмен синтезделуі». Электрлі химиялық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры (1981). ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1994), Халықаралық инженерлік академияның (1995), Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының (1995), ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Джорджтаун университетінің құрметті профессоры (Вашингтон, 1996). 17 монографияның, 510 мақаланың, 108 өнертабыстың авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1964 жылдан - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы. 1967 жылдан - Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің аспиранты. 1970 жылдан - Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, деканы. 1982 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры. 1985 жылдан - ҚазКСР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1991 жылдан - Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ ректоры. 1995 жылдан - ҚР білім министрі. 1997 жылдан - Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ президенті. 2001-2007 жылдары - ҚР БҒМ Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электр химиясы институтының директоры. 2003 жылдан бері - ҚР ҰҒА президенті. 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. Қарағанды облыстық (1984-1991) және Оңтүстік Қазақстан облыстық (1992-2001) мәслихаттарының депутаты. ҚР Ұлттық кеңесінің, ҚР БҒМ алқасының мүшесі, ОИК елдері Ғылым академиялары Халықаралық ассоциациясының вице-президенті, ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы БҒТК мүшесі, ҚР ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. ҚР Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі. ҚР ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденімен (2005); Токио университетінің (2001), Франция ғылыми-өндірістік қоғамының (2003), Украина ҰҒА жанындағы «Золотая фортуна» қоғамының (2006) алтын медальдарымен, В.И. Вернадский атындағы РЖҒА күміс медалімен; Халықаралық түркі әлемі сыйлығымен (Түркия, 2001) марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. ОҚО Арыс ауданының Құрметті азаматы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста