Мұрат Самұратұлы Имандосов 1972 жылы 17 сәуірде Қызылорда облысының Қазалы стансасында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін - экономист, Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының маманы ретінде бастаған. 1995-2006 жылдары салық қызметі органдарында инспектор, бөлім бастығы, аудандық салық комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша, сондай-ақ, аталған агенттіктің Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша инспекцияларының бастығы қызметтерін атқарған. 2010-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша инспекциясының бастығы. 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі. 2013 жылдың ақпан-маусым айларында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі. 2013 жылдың шілде айнынан бастап Қызылорда облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы.
Мұрат Самұратұлы Имандосов
Последние статьи автора