Мұрат-қажы Тайкелтірұлы Мыңбаев
Мұрат-қажы Тайкелтірұлы Мыңбаев
(1956 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы, бұрынғы Бөген ауданы Темірлан ауылы) – ғалым, техникалық ғылымдарының докторы, профессор. Жамбылтехнологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. 1990 жылға дейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болды. 1990жылдан «Казлегпром» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінде бас директордың орынбасары, Министрлер Кабинеті жанындағы АСПЭКжеңіл өнеркәсібібас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Алматы технологиялық институтының кафедра меңгерушісі. «Аспек-текс» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінің бас директоры, «Медеу» қауіпсіздендіру компаниясының вице-президенті. Меккеге қажылыққа барып қайтты. Қазақ исламтану институтының ректоры (1999). Халықаралық мұсылмандар университетінің ректоры (2001). Қазір«Руханият» халықаралық мұсылман университетінің ректоры,114ғылыми мақалалары жарияланған. 15 патенті, 3 монографиясы бар.