Мерей Құрманұлы Уайысов

Мерей Құрманұлы Уайысов

Мерей Құрманұлы Уайысов 1956 жылы 18 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заң факультетін бітірген (1982), заңгер. Құқық мәселелері жөніндегі бірқатар ғылыми-публицистикалық монографиялар мен мақалалардың (авторлық ұжым жетекшісі) авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1974 жылдың қыркүйек айынан - Есік аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатының күрделі тұрмыс техникасын жөндеу жөніндегі электрмонтер-слесарьдің шәкірті. 1974 жылдың қараша айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдың желтоқсан айынан 1977 жылға дейін - Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет бөлімінің аудандық мәдениет үйінде электрмонтер-слесарь. 1982 жылдан - Қостанай облыстық сотында сынақ мерзімінен өтуші, 1983 жылдың тамыз айынан - сот мүшесі міндетін атқарушы, 1983 жылдың қазан айынан - сот мүшесі. 1985 жылдан - №16676 ә/б кіші жедел өкілі, жедел өкілі, аға жедел өкілі, аға тергеушісі, АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1992 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің аға консультанты, 1993 жылдың тамыз айынан - заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің аға консультанты - қылмыстық құқық және үдеріс мәселелері тобының жетекшісі. 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің заң бөлімінің бастығы, 1994 жылдың қаңтар айынан - заң қызметі басқармасының бастығы, 1994 жылдың қыркүйек айынан - заң бөлімінің бастығы. 1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президенті Аппаратының заңнамалық бастамалар және құқық сараптамасы бөлімінің шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі. 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің заңнамалық бастамалар және құқық сараптамасы бөлімін де шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі. 1990 жылдан - ҚР әділет министрінің орынбасары. 1997 жылдың қаңтар айынан - ҚР әділет министрінің бірінші орынбасары 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР әділет вице-министрі 2000 жылдан - Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ҚР Агенттігінің төрағасы. 2001 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетінің төрағасы. 2001 жылдан 2008 жылдың ақпан айына дейін - ҚР Бас прокурорының орынбасары. «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста