Меңдеш Халелұлы Салихов
Меңдеш Халелұлы Салихов 1947 жылы 28 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. 1970 жылы Мəскеу мұнай институтын, Алматы саясаттану институтын, 1994 жылы АҚШ Массачусетс университетін тамамдаған. 1970-1972 – «Құлсарымұнай» МГӨБ инженері. 1972-1979 жылдары – «Өзенмұнай» МГӨБ аға инженері, ауысым бастығы, бас инженерінің орынбасары, техникалық бөлімінің бастығы. 1979-1985 жылдары – партия комитеті басқармасының хатшысы, партия қалалық комитеті хатшысы, Ақтау қаласы қалалық атқарушы комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Маңғышлақ облыстық комитетінің хатшысы, облыстық əкімшілік басшысының орынбасары. 1955-1998 жылдары – «Маңғыстаумұнай» АҚ президенті. 1998-2000 – «Мұнайгаз» сақтандыру компаниясының президенті. 2000 жылдан бастап CatkarLTD компаниясы филиалының директоры, «Мұнайгазқұрылыс» вице-президенті, Kazakhservicegroup компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. KazOilService Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.