Марат Әбидоллаұлы Биекенов
Марат Әбидоллаұлы Биекенов 1942 жылы 16 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақ Мемлекеттік Университеттің аспирантурасын тәмамдаған. Философия ғылымының докторы (1989 жылы), профессор (1990 жылы), ҚР Халық ағарту ісінің үздігі.
1972–1982 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аға оқытушы, доцент, 1984–1994 жылдары осы институтта саясаттану, социология және құқық кафедрасының меңгерушісі, 1994–1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі халықараралық қатынастар комиссиясының эксперті, 1995–1996 жылдары ҚР Үкіметі аппаратының сыртқы байланыстар бөлімінің референті, 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенаты аппаратының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік секторының меңгерушісі. «Взаймосвязь демократического централизма и самоуправления народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 160-тан астам ғылыми еңбегі, монографиялары жарық көрген.