Марат Әбдіұлы Омаров 1959 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын бітірген. Белгілі әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Республикалық «Жігер-87», Халықаралық «Ыстықкөл-89», «Бұқара-90» фестивальдерінің, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың, «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Ыстамбұл), Франциядағы «Достық әндері» фестивальдерінің, «Каир-2003» (Мысыр) халықаралық байқауының лауреаты.
Шымкент облыстық филармониясында «Ауылым - әнім» ансамблінің әншісі, Қазақ телевизиясының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет істеген. Ол «Наурыз» шығармашылық қорын, «Балаларды дамыту» қорын ашқан. 2000 жылы Лос-Анджелес қаласындағы FIDOF Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып қабылданды. Әншінің орындауында «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала - Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз», т.б. әндері бар.
Марат Әбдіұлы Омаров
Последние статьи автора