Марал Ысқақбай

Марал Ысқақбай

Марал Ысқақбай 1938 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Сұлутөр» ауылында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепті бітірген соң, туған колхозында малшы, кітапханашы, құрылысшы болып істеген, Теміртаудағы Қазақстан Магниткасы құрылысына қатысқан. 1965 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, «қызыл дипломмен» үздік бітіріп шығады. 1963-71 жылдар аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, орта мектеп директоры болып істейді. Осы жылдары алғашқы туындылары «Етікші», «Көкжал» әңгімелерін, «Қырық қыз» хикаятын жазып жариялайды. 1971 жылы Қазақ энциклопедиясына ғылыми редактор болып орналасады да, 1973 жылы Мемлекеттік Баспа комитетіне ауысты. 1976 жылы «Қазақкітап» бірлестігіне бас редактор болып тағайындалды. 1977 жылы Қазақстан Компартиясы орталық комитетіне шақырылып, 1984 жылға дейін партиялық қызметте болды. 1984 жылы Қазақстан Жазушылары одағы басқармасының хатшылығына сайланып, 1985 жылы «Мектеп» баспасына директор болып тағайындалды. 1986 жылы «Жазушы» баспасының директорлығына ауыстырылды.
Кеңестер одағы ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты Қазақстан Республикасы Өкіметі 1991 жылы М.Ысқақбайға авторлық құқық жөніндегі агенттікті құруды тапсырады. Сөйтіп ол тәуелсіз елдің тұңғыш дербес институты Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік Агенттігін (ҚазМАСҚА) құрды. (Қазір ол Әділет министрлігі қарамағында «Зияткерлік меншік комитеті» деп аталады). 1996 жылы Дүниежүзілік зияткерлік Меншік Ұйымы аясында өткен Халықаралық Дипломатиялық конференцияға Қазақстан Республикасы делегациясын бастап барып, екі халықаралық Келісімге қол қойды. Сондай-ақ, ол ҚР-ның Берн конвенциясына енуін ұйымдастыруға белсене атсалысты.
М.Ысқақбай 1997 жылдың шілде айында ТМД елдері бойынша Ресейден кейінгі екінші болып «Қазақстан авторлары қоғамы» дейтін республикалық қоғамдық бірлестік құрды. Екі-ақ жылдан соң, яғни 1999 жылы бұл мекеме аса беделді халықаралық ұйым СИЗАК-қа (Авторлар мен композиторлардың халықаралық конфедерациясына) мүшелікке қабылданды. Қазір ол дүниежүзінің 80-нен астам елінің өзі іспетті қоғамдарымен келісім шарт негізінде байланыс жасап, олардың авторларының Қазақстан аумағындағы мүліктік құқығын бақылайды.
Әр кезеңде ҚР-ның Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясының, ҚР Өкіметі жанындағы Мемлекеттік бірыңғайластыру жүйесі жұмыстарын орталықтандыру және бірізге салу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің, ҚР Өкіметі мен Парламенті жанынан құрылған мәдениет жөніндегі комиссиялардың құрамына кірді, алаштың ұлы тұлғалары Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақыптарды ақтау үшін құрылған мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының, Терминологиялық комиссияның мүшесі болды, оншақты жыл бойы қазақ прозашылары секциясының төрағасы қызметін атқарды.
«Қырық қыз» (хикаяттар, 1975), «Сұлутөрдің бөктері» (хикаят және әңгімелер, 1977), «Ұят туралы аңыз» (роман, хикаят және әңгімелер, 1980), «Начало лета» (хикаят және әңгімелер, 1982), «Жойқан төбе» (роман және әңгімелер, 1984), «Мои соседи» (роман және әңгімелер, 1985), «Көңіл жұбанышы» (хикаяттар мен әңгімелер, 1988), «Пенде ғұмыр» (роман, 1991), «Шығарма шырайы – шындық» (әдеби сын, 1994), «Ғашық боп көрмеген келіншек» (роман, хикаят, әңгімелер, 1996), «Мүйізді Өтеген» (зерттеулер, 1999), «Баба ұраны» (зерттеулер, 2003), «Женщина не влюблявшаяся ни разу» (роман және әңгімелер, 2004), «Жаныс» (шежіре кітап, 2004), «Асу-асу бел Қордай» (зерттеулер, 2007), бестомдық «Шығармалар» (2007), «Байыс» (шежіре, 2009) деп аталатын кітаптары жарық көрген. «Қияндағы қыстау» әңгімесі бойынша телеспектакль және «Тамшы» деген атпен телешығарма жасалған. Қазақтың мың жарымнан астам әндерінен құрастырып – оның ішінде халық әндері де, кәсіби композиторлар әндері де және осы күнгі жас сазгерлердің эстрадалық әндері де бар – жаңа технологиямен «Қазақша караоке» деп аталатын әндер жинағын шығарды.
Жекелеген көркем туындылары орыс, украин, қырғыз, мари, татар, саха тілдеріне тәржімаланған.
«Құрмет» орденімен (2005), Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1988), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1970), «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, «Қазақстандағы авторлық құқықтың дамуына үлес қосқаны үшін» (2008) сыйлығымен марапатталған, сондай-ақ оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген (1998).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста