Мақсұт Кәрімұлы Құлжанов
Мақсұт Кәрімұлы Құлжанов 1949 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қарағанды медицина институтын, Қазақ аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдаған. Медицина ғылымының докторы, профессор
Республикалық клиникалық аурухананың дәрігері, Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болған. 1978-1987 жылдары - Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері. 1987-1990 жылдары - Республикалық денсаулықты қорғау орталығы бас директорының орынбасары. 1990-1992 жылдары - Қазақ гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары. 1997 жылдан бастап Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ректоры. 2012 жылдан бастап Денсаулық сақтау ұлттық палатасының президенті.
Ғалымның 200-ден астам ғылыми жарияланымы бар.