Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов
Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов 1954 жылы 21 қарашада Тарбағатай ауданының Жалғызтал ауылында дүниеге келген. 1981 жылы «журналистика» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2001 жылы «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік қызмет Академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Тарбағатай ауданының кеңшарында қарапайым қызметкер болып бастаған. «Ақжар» совхозында комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған, аудандық халық депутаттары аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы болған. ШҚО Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Ақпарат министрлігі ШҚО бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2012 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері бойынша департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.