Мәлік Флоберұлы Мұқанов

Мәлік Флоберұлы Мұқанов

Мәлік Флоберұлы Мұқанов 1972 жылы 7 қыркүйекте Ресей мемлекетінің Алтай өлкесі, Таулы-Алтай қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының Н.В.Гоголь атындағы Көркем өнер училищесіне түсіп, 1991 жылы Театр суретшісі мамандығы бойынша оқуын аяқтайды. 1991 жылы Алматы қаласындағы Т. Жургенов атындағы Мемлекеттік сурет өнері және театр институтының «Мүсін кескіндеме» бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы суретші-кескіндеме мамандығы бойынша оқуын тәмамдайды. Дипломдық жобасын қорғау кезінде «Көшпенділер әлемі» атты гобелендер бөлімін орындады.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Мемлекеттік «Киім дизайны және сурет текстилі» кафедрасында мұғалім болып қызмет істеді. 2001 жыл мен 2004 жыл аралығында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында аспирантурада оқып, «Заманауи қазақстандық гобеленнің өнері» атты диссертациялық жұмысымен аяқтайды. 1999 жылының қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясындағы «Кескіндеме» каферасында «Мүсін кескіндемесі» мамандығы бойынша мұғалім болып қызмет істейді.
1993-1997 жылы оқумен қатар суретшілер Сауле және Алибай Бапановтар шеберханасында жұмыс істеді, жұмыс істеу барысында гобеленді қолмен тоқу техникасын меңгерді. 1997-2008 жылы Ешкенов Г.А-ның басқаруымен сурет-мүсін тобының құрамында болып, Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павладар, Қостанай облысының Қарабалық аудандық орталығында, сонымен қатар Астана қаласының Исламдық орталығында мешіттің интерьерін көркем безендіруге қатысты. 2003 жылы Жамхан А. Ж-пен біріге отырып Атырау қаласының «КазТенгизШевройл» бас офисін безендіруге көлемі 205те 410см. болатын «Туранская эпоха» атты панно-гобеленді жасады. 2005 жылы Т.О. Сүлейменовтың басқаруымен мүсінші-суретшілер тобының құрамында болып Петропавл қаласының орталық мешітінің интерьерін көркем безендіруіге қатысты. 1995 жылдан бастап көрсетілім көрмелеріне қатысты. 1995 жыл мен 2000 жыл аралығында Қазақстан Республикасының «Жігер» атты жас суретшілерге арналған жыл сайын Алматы қаласында өткізілетін байқауына қатысты. 2000-2004 жыл аралығында Астана қаласында жыл сайын өткізілетін «Шабыт» атты жастардың творчествалық байқауына қатысты. Сонымен қатар, халықаралық, Республикалық көрме қойылымдарына ат салысты. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жастардың бірігуінің мүшесі болды. Ал, 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жас Суретшілер Одағының мүшесі болып тағайындалды. 2004 жылы және 2005 жылы Е. Толепбайдың басқаруымен А.Ж. Жамханмен соавторлық бірігуде Астана қаласының Жоғарғы Соттың ғимаратына және ҚР президентінің Резиденциясы «Ақ орда ға» арнап «Менің туған елім – Қазақстан» атты мүсіндік-декоративті панно-гобелен бөлімін жасап шығарды. Қазақстан Республикасының заманауи бейнелеу өнерінің дамуына өз үлесін қосқаны үшін мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері болды. 2006 жылдан Кекусиндық каратенің Ұлттық Академиясындағы қара белдікті, 3-дан иегері доджо сансеи Д.Л. Харитоновта қолданбалы каратемен шұғылданды. Қазіргі уақытта сары белдік, 6 кюдің иегері. 2009 жылы Алматы қаласында Ш. Айманов атындағы «Казахфильм» киностудиясында өткізілген «Толықметражды анимациялық фильм» номинациясынан 1-ші орынды және «Анимационды сериал» номинациясынан 3-ші орынды алды. 2010 жылы Алматы станциясы «Абай» метрополитенінің интерьерін көркем бейнелеуіне Г. Ешкенов және А. Жамханмен соавторлық құқықта мүсінді-декоративті панноны жасады. 2010 жылы Астана қаласындағы «Қазақстан Темір Жолы» бас кеңсесінің конференс залына А. Жамхан мен М. Сүлейменовпен бірге мүсінді-декоративті гобеленнің еңбегіне қатысты. Әр гобеленнің көлемі 3х12м.
2010 жылдың желтоқсан айында Б. Кабулова атындағы Алматы Федерация Шинкиокушинкай каратеде бұл спортпен айналысуды ұнататын салмақтық деңгейі – 75 кг дейін, жасы 35 жас пен одан жоғары, еркін қатысушылардың арасындағы сайыста 2-ші орынды иеленді. Сол жылы Алматы станциясы «Райымбек» және «Алатау» метрополитенінің интерьерін қолмен іске асырылатын мозаикамен мүсін-декоративті панноны жасады. Г. Ешкенов және А Жамханның авторлық қадағалауымен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста