Майра Арапқызы Айсина
Майра Арапқызы Айсина 1956 жылы 10 қарашада бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданының Костомаровка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін математика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттану мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Қарағанды қаласы №27 орта мектебінің аға пионер жетекшісі болып бастады. 1975-1976 жж. – Қарағанды қаласы «Юбилейный» кинотеатрының мәдени-көпшілік жұмысын ұйымдастырушысы. 1976-1979 жж. – Қарағанды қаласы №49 орта мектебінің аға пионер жетекшісі. 1979-1980 жж. – Қарағанды қаласы №49 орта мектебінің кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушысы, математика пәнінің мұғалімі. 1980-1982 жж. – ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1982 ж. – Қазақстан ЛКЖО ОК-нің мектеп жастары мен пионерлер бөлімінің нұсқаушысы, Республикалық пионерлер ұйымының жауапты хатшысы. 1982-1986 жж. – Қазақстан ЛКЖО ОК-нің мектеп жастары мен пионерлер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Республикалық пионерлер ұйымы төрағасының орынбасары. 1986-1989 жж. – Қазақстан ЛКЖО ОК-нің оқушы жастар мен пионерлер бөлімінің меңгерушісі. 1989 ж. – Қазақстан ЛКЖО ОК-нің жастарға білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1989-1991 жж. – Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы. 1991-1992 жж. – Қазақ КСР халық депутатының көмекшісі. 1992-1993 жж. – «Жаңару» Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық даму қорының әлеуметтік қорғау және бейімдеу секторының меңгерушісі. 1993-1994 жж. – Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің білім беру бөлімінің бастығы. 1994 ж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің жастар саясаты бас басқармасының бастығы. 1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыру-кадр жұмысы бас басқармасының бастығы. 1995-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы. 1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы. 1997 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің үйлестіру және бақылау департаменті ұйымдастыру және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2001 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты. 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі білім секторының меңгерушісі. 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі білім секторының меңгерушісі. 2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2006 ж. – «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2006-2007 жж. – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары. 2007-2011 жж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракциясы Төралқасының мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» ХДП фракциясы Төралқасының мүшесі.
Наградалары:
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» омырау белгісі (1999 ж.);
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001 ж.) омырау белгісі;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001 ж.);
«Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» белгісі (2004 ж.);
«Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту ісіне сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2004 ж.);
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.);
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2005 ж.);
Ы.Алтынсарин атындағы омырау белгісі (2006 ж.);
«Астана» естелік медалі (2006 ж.);
«Ғылымдағы табыстары үшін» омырау белгісі (2009 ж.);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);
«Құрмет» ордені (2011 г.).