Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов
Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов 1941 жылы 30 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым Академиясы мемлекет және құқық институтының аспирантурасын тәмамдаған. Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі.
1966-1991 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының бас ғылыми хатшысы. 1995 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университеті Ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып істеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан. «Құрмет» орденімен марапатталған.