Лесхан Әмірбекұлы Байсерке 1942 жылы 9 шілдеде Жамбыл облысы бұрынғы Свердлов, қазіргі Байзақ ауданы Казпоселок ауылында дүниеге келген. ҚазПИ-ді (1966, қазіргі ҚазҰПУ) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1976) тәмамдаған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
1966–1973 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында оқытушы, аға оқытушы. 1976–1994 жылдары кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Тараз мемлекеттік университетінің проректоры. 1998 жылы «Педагогические основы нравственно-правового воспитания учащихся общеобразовательных школ» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 70-ке жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. 1994–1995 жылдары XIII сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Лесхан Әмірбекұлы Байсерке
Последние статьи автора