Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен
Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен 1961 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін (1983) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтының экономика факультетін (Мәскеу қаласы, 1992) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 1977-1979 жылдары - Талдықорған облысы Ақсу ауданы ҚҒЗИЗ-ы Ақсу Тәжірибе жасау шаруашылығының жұмысшысы. 1983 жылдан -Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде Чапаев атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1986-1990 жылдары - Талдықорған облысы Қазақстан ЛКЖО Ақсу аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылдан - Талдықорған облыстық Жастар ісі комитетінің төрағасы, Талдықорған облыстық Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бірінші орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы. 1998 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Аппаратының кеңесшісі, ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі. 2003 жылдан бері - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Халық депутаттары Ақсу аудандық Кеңесінің және Халық депутаттары Талдықорған облыстық Кеңесінің (1986-1992) депутаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған.
Жұбайы - Сахметов Жеңіс, ҚР Орталық сайлау комиссиясы аппараты бас сарапшысы. Ұлдары - Жаннұр (1995 жылы туған), Жандос (2000 жылы туған).