Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищені, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984; Ләйлектер қайтып келгенде. Орыс тілінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987; Наурыз нұры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991; Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996; Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997; Бақ. «Атамұра», 2006; Құт. «Дәуір», 2006; Махаббат. «Дәуір», 2006.
Күләш Ахметова
Последние статьи автора