Көсемәлі Сәттібайұлы
Көсемәлі Сәттібайұлы 1959 жылы 3 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болған. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі.
Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988 ж.) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007–2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995 ж.), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000 ж.) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001 ж.), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын...», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана қаласына – 10 жыл», «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.