Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов

Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов 1938 жылы 8 ақпанда Түрікменстанның  Мары облысы, Сақаршаға ауылында дүниеге келген. М.И. Калинин атындағы Түрікмен ауылшаруашылық институтын (1965) ғалым зоотехник мамандығы бойынша; Мәскеу ветеринария академиясының аспирантурасын (1971) бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы (1988). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы қаракөл қойларының тұқымдық және өнімдік қасиеттерін арттырудың теориялық негіздері, тәжірибелік тәсілдері». Профессор (1991 жылдан). Қазақ ауылшаруашылық академиясының (1994), ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1996), ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының (1995), Халықаралық экология және адам мен жануарлардың тіршілігін қорғау академиясының (1995), Орталық Азия халық академиясының (1997), Монғолия Ұлттық ғылым академиясының (2000), Монғолия ауыл шаруашылық академиясының (2001) академигі. Ресей ауыл шаруашылық академиясы Сібір бөлімшесінің құрметті профессоры (2002). КСРО Ғылым және техника мемлекеттік комитетінің авторлық куәліктерімен қорғалған түрлі-түсті елтірі және зауыттық қаракөл қойларының 8 жоғары өнімді табындарын шығарған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, мақалалар мен 5 монографияның, бірнеше көмекші оқу құралының, оның ішінде «Қаракөл шаруашылығы» (1986), «Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл мен қой етін өндіру технологиясы бойынша практикум» (1991), 2 томдық «Қаракөл-елтірі, аң терісінің және қой терісі-тондық шикізат тауартануы» (1993), «Біртектес емес жүн тауартануы» (1993), «Аң терісі шикізатын өңдеу технологиясы» (I бөлім, 1995, II бөлім, 1996); «Өндіріс технологиясы мен гигиенасы, консервілеу және сақтау негіздерімен өнімдердің жалпы сараптамасы, стандартталуы және сертификатталуы» (1 т., 2008), «Мал шаруашылығы өнімдерінің жеке ветеринарлық-санитарлық сараптамасы» (2 т., 2008), «Мал шаруашылық өнімдерінің далалық ветеринарлық-санитарлық және радиобиологиялық сараптамасы» (3 т., 2008) 3 томдық оқу құралының авторы. 15 ғылым кандидаты мен докторын дайындаған. 1958 жылдан - Марый облыстық жас натуралистер стансасының мал шаруашылық бөлімінің жетекшісі - натуралистер стансасының әдістемешісі. 1960 жылдан - 04175 ә/б КЭЖ меңгерушісі. 1962 жылдан - Марый облысы Байрам Әли ауданындағы «Жазық» мемлекеттік тұқым зауытында №2 ферма бухгалтері, №3 ферма зоотехнигі, кәсіподақ жұмысшы комитетінің терағасы қызметін қатар атқарушы. 1966 жылдан - Шымкент облысы Созақ ауданындағы «Тасты» кеңшарының аға зоотехнигі. 1968 жылдан - Мәскеу ветеринарлық академиясының аспиранты. 1971 жылдан - Қазақ қаракөл өсіру ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, генетика және селекция бөлімінің меңгерушісі. 1977 жылдан - Шымкент облысы Қызылкұм ауданындағы «Шәуілдір» кеңшарының директоры. 1980 жылдан - ҚазКСР АШМ Қаракөл шаруашылығы бас басқармасының бастығы. 1986 жылдан - «Жабағықаракөл» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті. 1997 жылдан - Түрікменстандағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі. 1999 жылдан Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығы бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - ҚР АШМ Ғылым департаментінің директоры. 2004 жылдан - «Асыл түлік» АҚ басқарма төрағасы. 2007 жылдан бері - «ҚазАгроИнновация» АҚ президентінің кеңесшісі. Қазақстан мал мамандары ассоциациясының президенті. ҚР Қоғамдық ауылшаруашылықғылымдар академиясының вице-президенті (1999 жылдан). ҚазКСР Министрлер кабинеті сыйлығының (1991), ҚР Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының (2005) лауреаты. «Құрмет белгісі» орденімен (1984), КСРО медальдарымен және «Тыңға 50 жыл» медалімен (2004) марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1995). Жұбайы - Нұрқалықова Бейбіткүл Қалықбайқызы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты. 5 ұлы, 2 қызы, 14 немересі және 3 шөбересі бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста