Көпберген Әбдіманап Бапанұлы
Көпберген Әбдіманап Бапанұлы 1946 жылы дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, зоотехник-ғалымы.
Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Талас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехнигі болып бастаған. Сарысу ауданының «Түгіскен» асыл тұқымды мал зауытында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник-селекционер, шаруашылық партия комитетінің хатшысы. 1986-1993 жылдары Сарысу аудандық «Сарысу» кеңшарының директоры, Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағасы, осы ауданның әкімі. 1994-1995 жылдары - XIII шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауылшаруашылық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі. 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында ауыл шаруашылығы хатшылығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары болған. 2010 жылдың қарашасынан зейнеткерлік демалыста.
«Аманатқа адалдық» кітабының, 500-ге жуық мақаланың авторы.
«Астана», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «КСРО-ның өнертапқышы» белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.