Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова 1950 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономика факультетін (1972) тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1972 – 1994 жылдары – Қазақ мемлекеттік университеті саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1994 – 1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Экономикалық консультанттар кеңесінің жетекшісі. 1995 – 1996 жылдары –Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылы – Экономика және құқық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор. 1997 – 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы. 2001 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2007 – 2011 жылдары – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы. 2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Парасат», «Достастық», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова
Последние статьи автора