Гүлсара Асылбекқызы Алтынбекова
Гүлсара Асылбекқызы Алтынбекова 1954 жылы 24 маусымда Өзбекстанның Сырдария облысы Баяут ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Ташкент педогогикалық институтын, 1980 жылы БКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін, 1991 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, 1999 жылы ҚР Сыртқы істер министірлігінің жанындағы дипломатиялық академияны тәмамдаған. Саясаттанушы, саясаттану ғылым кандидаты.
1970 – 1972 жылдары «Баяут-2» мақта кеңшарында жұмысшы, 1980 – 1988 жылдары БЛКЖО Қызылорда обкомының хатшысы, бірінші хатшы, 1988 – 1995 жылдары ҚЛКЖО ОК-нің хатшысы. 1995 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саяси бөлімінің кеңесшісі, 2000 – 2001 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде әлеуметтік сектордың меңгерушісі, 2001 жылдан Үкіметтің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің заң шығару үдерісі мониторингі секторының меңгерушісі. Қазір Алматы қалалық әлеуметтік қорғау және бақылау департаменті директорының орынбасары.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.