Гүлнарайым Хасенқызы Қаңтарбекова
Гүлнарайым Хасенқызы Қаңтарбекова 1962 жылы 4 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы - «Физика» мамандығы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы – «Әлеуметтану, әлеуметтану оқытушысы» мамандығы бойынша Менеджмент, экономика және болжау Қазақ институтын бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қарқаралы ауданы «Восток» совхозының №7 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1986 жылы қазан айында Қарқаралы ауданының ҚР Қазақстан ЛКЖО хатшысы болып сайланды. 1990 жылдың наурыз айында ҚР Қазақстан Компартиясының нұсқаушысы болып тағайындалды. 1992 жылы Қарқаралы ауданы әкімшілігінің кеңесшісі болып тағайындалды. 1994 жылдан бастап – тілдер бойынша облыстық басқарманың жетекші маманы, Қарағанды облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдер бойынша бөлімінің бастығы. 2002 жылдың мамыр айынан 2003 жылдың ақпан айына дейін – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 2003 жылдың ақпан айында – Қарағанды облысы ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2003 жылдың шілде айынан Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары. 2010 жылдың ақпан айынан Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының бастығы. 2014 жылдың 19 наурызынан бастап Қарағанды облысы Саран қаласы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары.