Гүлмира Рысбекқызы Қалманбетова 1972 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономист, заңгер.
Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Қаржы министрлігінде маман болып бастаған. 1996-1999 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының аға салық инспекторы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінде бас салық инспекторы. 1999-2001 – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі кірістерді талдау және болжау департаментінде бас маман, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001-2003 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі. 2004-2007 жылдар аралығында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық талдау және жоспарлау депараментінің басқарма бастығы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2007 жылы – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. Бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.
Гүлмира Рысбекқызы Қалманбетова
Последние статьи автора