Герой Жолтайұлы Жолтаев

Герой Жолтайұлы Жолтаев

Герой Жолтайұлы Жолтаев 1940 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген. Қазақ политехника институтын (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) және аспирантурасын тәмамдаған. Ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының, ҚР Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі.
1961-1974 жылдары - Орал-Еділ мұнай барлау экспедициясының коллекторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Геология институтының аға коллекторы, Қазақ политехника институты мұнай факультетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары. 1974-1979 жылдары - Алжирдің мұнай, газ және химия институтының оқытушысы, профессоры. 1980-1993 жылдары - Қазақ политехника институты мұнай факультетінің деканы. 1993-2000 жылдары - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі. 2000-2003 жылдары Қазақ политехника институтының проректоры, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры қызметін атқарған.
«Тектоника и нефтегазоностность бортовых зон Прикаспийской синеклизы» (бірлесіп шығарған), «Геологическое строение и нефтегазоносность Южно-Тургайского бассейна» (бірлесіп шығарған ) атты еңбектердің, 140-тан астам ғылыми жарияланымдардың, 15 әдістемелік нұсқаулықтың, бір оқу құралының авторы. Қазақстан геологтары ұлттық комитетінің мүшесі. Қазақстанның кен қойнауын барлаушы. Қазақстанның үздік ғылымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты. Медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста