Ғазизбек Тәшімбай

Ғазизбек Тәшімбай 1938 жылы 10 сәуірде Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі. Қазақ мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірген. 1964-1984 жылдары - Республикалық «Спорт» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан» баспасының редакторы, аға редакторы, редакция меңгерушісі. Ғылыми-техникалық әдебиеттер бас редакциясы бас редакторының орынбасары, 1985-1996 жылдары - Қазақстан телеграф агенттігінің редакция меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының консультанты, Үкімет аппаратының сектор меңгерушісі. 1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аударма бөлімін басқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы Ғылыми және әдеби бақылау редакциясының меңгерушісі болып істеген. «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясын шығарушы топқа жетекшілік етіп, басылымның жауапты редакторы болған. Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығында бас маман, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Баспа және редакциялау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Жазушының «Топжарғандар», Қ.Мұңайтпасұлы туралы «Күш атасы», «Қазақтың Қажымұқаны» атты естеліктер жинағы, «Құм арасында», «Қос терек», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» атты әңгімелер жинақтары жарық көрген. Белгілі баспагер Мұқан Мамажановтың мұрасын жинастырып, «Еңбек еттім ел үшін» деген жинақ шығарды. Көркем аударма саласында «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар өмірі» циклімен шыққан «Сальвадор Альенде», «Че Гевара» кітаптарын, Кеңес Одағының Батыры Г.Сафиуллиннің, ноғай жазушысы Иса Қапаевтың повесть, әңгімелерін, чех ғарышкері В.Ремектің «Над нами планета земля» («Жанарымда жұмыр жер») кітабын қазақ тіліне аударған.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста