Ғани Есенкелдіұлы Қасымов

Ғани Есенкелдіұлы Қасымов 1950 жылы 3 мамырда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, 1986 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған, халықаралық экономикалық қатынастар маманы.
1974 жылдан - ҚазКСР СІМ консулдық, хаттама бөлімдерінің бірінші хатшысы. 1975 жылдан - баспасөз және ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 1978 жылдан - хаттама бөлімінің меңгерушісі, 1980 жылдан - ҚазКСР СІМ бас хатшысы. 1987 жылдан - КСРО ІІМ Дипломатия академиясы жанындағы дипломатия мамандарының біліктілігін жетілдіру курстарының тыңдаушысы. 1988 жылдан - ҚазКСР ІІМ бас хатшысы. 1990 жылдан -ҚазКСР Президентінің кеңесшісі. 1992 жылдан - ҚазКСР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының халықаралық бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан - Француз Республикасындағы ҚР сауда-экономикалық өкілі. 1996 жылдан - ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы. 1999-2004 жылдары - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. 2007-2013 жылдары - ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2013 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ҚР Парламент Сенатындағы өкілі.
Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы (2000 жылдан). ҚР Ерікті өрттен қорғау қоғамының төрағасы (2002 жылдан). ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі (2003 жылдан). І санаттағы Төтенше және Өкілетті Елші (1994). «Достық» орденімен, ҚР медальдарымен марапатталған. «Жыл парламентарийі» номинациясындағы «Жыл адамы» (2000), «Ең демократияшыл саясаткер» (2002), «Жыл депутаты» (2003, 2007, 2008) мәртебелерін иемденген. ҚР дипломатиялық қызметіне Еңбек сіңірген қайраткер (2004). ҚР Кеден қызметінің генерал-майоры (1997).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста