Ғани Ахметбекұлы Қыстауов

Ғани Ахметбекұлы Қыстауов

 Ғани Ахметбекұлы Қыстауов 1944 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Кинорежиссер, суретші, аниматоршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Алматы училищесін бітірген (1964). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) театр және кино институтында оқыды. 1969 жылы алғашқы мультипликациялық фильмі "Аю мен қоянды" түсірді. Оның: "Қазына" (1970), "Үш тілек", (1971), "Бала мен жын" (1974), "Қадырдың бақыты", (1977), "Сыйлық", тағы басқа мультфильмдері бар. Қазақстан Комсомол жастары сыйлығының иегері (1978). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі.
Украинада өткен анимациялық фильмдердің ашық фестивалі қазылар алқасының Арнайы сыйлығының және балалар қазылар алқасының Бас сыйлығының (Львов қаласы,1977), XIX Бүкілодақтық кинофестивальдың Бірінші сыйлығының және Алтын дипломының (Алматы қаласы, 1986), Украинадағы анимациялық фильмдердің ашық фестивалі қазылар алқасының Арнайы сыйлығының (Тернополь қаласы, 1986), Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің Халықаралық кинофестивалі дипломының (Ташкент қаласы, 1986), славяндық және православиялық халықтардың II Халықаралық «Алтын витязь» кинофестивалінің «Қола витязь» сыйлығының және «Славян мәдениетіне сіңірген үлкен үлесі үшін» дипломының (Нови-Сад қаласы, Сербия, 1993), Халықаралық «Хиросима» кинофестивалі дипломдарының (1998, 2002), I Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі Гран-приінің (Алматы қаласы, 1998), I Ұлттық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің «Шәкен жұлдызы» сыйлығының (Алматы қаласы, 2003), ең үздік «Астана-Бәйтерек» анимациялық фильмі сыйлығының (Астана қаласы, 2005) иегері. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2002).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста