Галина Александровна Баймаханова 1954 жылы 17 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.
Жоғары оқу орнын бітірген соң В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. 1991-1992 жылдары - ҚазКСР Геоминистрлігі геологиялық-экономикалық зерттеулер экспедициясының өндірістік-техникалық ақпарат партиясының бас геологы. 1992-1992 жылдары - Қаз КСР Геология министрлігінің «Казминерал» мемлекеттік өндіріс мекемесінің директоры. 1992-1994 жылдары - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасының доценті. 1994-2011 жылдары - Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасының доценті. 1984-1986 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының геология-барлау факультеті деканы орынбасарының қызметін қоса атқарған. 1994-1997 жылдары - «Ареал» шағын жеке кәсіпкерлік мекемесінің директоры. 1997-2012 жылдары - «Ареал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2012 жылдың қаңтарынан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, Алматы қалалық халықтық коммунистік партиясы комитетінің бірінші хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы.
40-тан астам геология және жоғары арнайы (геологиялық) білім беру мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбегі және «Пайдалы қазбаларды зерттеулердің зертханалық әдістері» атты оқулығы бар.
Галина Александровна Баймаханова
Последние статьи автора