Ғабит Төреұлы Миразов
Миразов Ғабит Төреұлы 1965 жылы 19 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл совхозында дүниеге келген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің құқықтану факультетін бітірген соң, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры көмекшісінің тәлімгері болып бастаған. 1992-1995 жылдары Алматы қалалық прокуратурасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі. 1995-1996 жылдары Алматы қалалық прокуратурасында тергеу және анықтама бөлімінің прокуроры. 1996 жылдың қаңтар айынан 1996 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1996-1998 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 1998-2001 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының тергеу мен анықтама заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы. 2001 жылдың ақпанынан сәуір айына дейін Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың мамыр айына дейін Алматы облысы Балқаш ауданының, 2002 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Қапшағай қаласының прокуроры, 2002 жылдың қазан айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, 2008 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 2012 жылдың 27 ақпанынан бастап Алматы облысының прокуроры болып қызмет атқарада.
Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі