Ескендір Көпбосынұлы Құдайбергенов
Ескендір Көпбосынұлы Құдайбергенов 1976 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, заңгер.
1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің референті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан - ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмыстары басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан - Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006-2011 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2011 жылдың қазан айынан бастап ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары.