Ержан Тоқтасынұлы Айнабеков 1966 жылы 16 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Шымкент облыстық ауыл шаруашылық стансасында лаборант болып бастаған. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сату департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2001 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облыстық аймақтық басқармасы бастығының орынбасары, 2003 жылдан - басқарма бастығы. 2003-2008 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның әкімі. 2008-2010 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы.
Ержан Тоқтасынұлы Айнабеков
Последние статьи автора