Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев 1974 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. ІІ сыныпты кеңесші. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары - ҚР сыртқы істер министрі кеңсесінің басшысы. 2007-2009 жылдары - ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. Бірқатар жылдар министрліктің ресми өкілі болды. 2009-2011 жылдары ҚР СІМ ерекше тапсырмалары жөніндегі елшісі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев
Последние статьи автора