Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов
Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов 1952 жылы 21 маусымда Қарақалпақстан Республикасының Тақтакөпір ауылында дүниеге келеген. 1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, 2004 жылы Л.Н. Гумилев атандағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Институтты бітіргеннен кейін Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының мұғалімі болып жұмыс істеген. 1979-1984 жылдары - Жамбыл электр желілері кәсіпорнының аға инженері, қызмет бастығы, Талдықорған облысы Қапал ауданының механикаландырылған жылжымалы колоннасының инженері. 1984-1990 жылдары – Талдықорған облысы Қапал аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, партия комиссиясының төрағасы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1990-1991 жылдары – Талдықорған облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партия және кадрлар жұмысы бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы. 1991-1992 жылдары – халық депутаттары Талдықорған облыстық кеңесі аппаратының, Талдықорған облысының әкімшілігі басшысы аппаратының жетекшісі. 1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы күрес комитетінің Талдықорған облысы бойынша төрағасы. 1993-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы (Алматы қаласы), Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Консулдық бөлімнің меңгерушісі (Бонн қаласы). 1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының көмекшісі. 1996-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ұйымдастыру – бақылау жұмысы және кадр саясаты Басқармасының кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Президент Кеңсесі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, 4 медалі бар. «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» атағы берілген. Дипломатиялық дәрежесі – 1 – ші сыныпты кеңесші.