Ермек Жұмабеков
Ермек Жұмабеков 1945 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келді. Биология ғылым докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корр. мүшесі (2003). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында лаборант (1968–69), КСРО ҒА Жалпы генетика және цитология институтында аспирант (1969–71), кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1974–82), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99), Алматы Мемлекеттік қорығының директоры (1999–2000), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2001–03), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы генетика және цитология институтының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі. Жұмабеков Ермектің 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді.