Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Ермек Әмірханұлы Аманшаев 1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Маңғыстау облысы Ералиев кентіндегі №1 орта мектепті бітірген. 1985 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология  факультетін тәмамдаған. 2005 жылы «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері» деген тақырыпта диссертация қорғаған, филология ғылымының кандидаты.

1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.

1985-1986 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;

1986-1988 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;

1988-1991 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;

1991-1995 жылдары – ҚазМУ-дің аға оқытушысы;

1995-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;

1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2000-2002 жылдары – Астана қаласы мәдениет департаментінің бастығы;

2002-2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі;

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;

2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;

2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;

2008 жылдың сәуір-мамыр айларында – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;

2008 жылғы 30 мамырдан бастап – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті болды.

2014 жылдың желтоқсан айында Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Оннан астам ғылыми еңбектің және «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалінің лауреаты, Мәскеу, 1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы» сияқты бірнеше кітаптың авторы.

Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста