Ерлан Сұлтанұлы Досмағамбетов 1960 жылы 2 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу құрыш және ерітпе қоспасы институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым Академиясы Кристаллография институтының аспирантурасын бітірген.
Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтының оқытушысы, «Интер-Қарағанды» мекемесінің бас маманы, Қарағанды аймақаралық тауарлық биржасының ішкі экономикалық және биржааралық байланыс директоры, атқарушы директоры, Орталық Азия және Қазақстан биржалар ассоциациясы президенті, «Дос» және «Кең-Дала» Орталық Қазақстан тауарлық биржасының басшысы, Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің экономика жөніндегі кеңесшісі. 2001 жылдан «Дос» корпорациясының президенті, «Деловой Совет ЕврАзЭС» қауымдастығының Орталық Қазақстандағы төрағалығының жетекшісі.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері жөніндегі нарықтық экономика мен нарықтық айналым жағдайларына арналған бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.
«Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.