Ерлан Әскербекұлы Сапаров 1968 жылы 26 қазанда дүниеге келген. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Әділет аға кеңесшісі.
Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бөлімінің бас консультанты, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша агенттігі директорының орынбасары, Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің Аппараты Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі, Әділет министрлігінің Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комитеті төрағасының орынбасары, Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Аппаратының Талдау және статистика бөлімінің, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Заң шығарушылық қызметі саласындағы қадағалау бойынша басқармасының бастығы болып қызмет істеген. Қазір ҚР Парламент Сенаты Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі. Төрт медальмен марапатталған.
Ерлан Әскербекұлы Сапаров
Последние статьи автора