Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев 1966 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын бітірген. 1990-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, экономика және социология факультеті деканының орынбасары, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі. 2005-2006 жылдары - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша келіссөздерде Қазақстан Республикасының өкілі. 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. 2012 маусым айынан - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 15 ғылыми жарияланымның және бірнеше кітаптың авторы.
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев
Последние статьи автора