Ерген Николайұлы Дошаев 1958 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Мәскеу заң институтын тәмамдаған.
Институтты бітіргеннен кейін «Актюбинский вестник» облыстық газетінде тілші болып істеген. 1992-1996 жылдары Ақтөбе облыстық әкімшілігі Басшысы аппаратында баспасөз-хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ішкі саясат және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, көмекшілер мен кеңесшілер тобының жетекшісі болып істеген. 1996 жылы – Ақтөбе облтелерадиокомпаниясының төрағасы. 1996-1999 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 1999-2002 жылдары – «Медимпекс» ЖШС-нің қаржы директоры, «Отандастар Полиграфия» ЖШС-нің директоры. 2002-2006 жылдары – «Атырау Акпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы. 2003-2006 жылдары ІІІ сайланған Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы. 2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы. 2012-2013 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. «Кұрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Ерген Николайұлы Дошаев
Последние статьи автора