Ерғазы Қошанбекұлы Қошанбеков 1955 жылы 25 қыркүйекте Алматы облысы Күрті ауданы Қарабек ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Күрті ауданы, Балатопар ауылында орта мектепті бітірді. 1988 жылы Алматы қаласындағы Қазақ малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша, 2004 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1972 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар кеңшарының жұмысшылар кооперациясында сатушы ретінде бастады. 1973-1975 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында мерзімді әскери қызметін атқарды. 1975-1978 жылдар аралығында Балқаш ауданы Балатопар ауылындағы кеңшары жұмысшыларының кооперациясында азық-түлік дүкенінің меңгерушісі. 1978-1985 жылдары Балқаш ауданындағы Құйған кеңшарының кадр бөлімінің инспекторы, ферма меңгерушісі. 1985-1992 жылдары Желторанғы кеңшарының бас зоотехнигі. 1992-1996 жылдары Т.Бокин атындағы кеңшарының директоры. 1996-1998 жылдары Күрті, Балқаш аудандарының ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары Балқаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 2001-2011 жылдары аралығында Балқаш ауданының әкімі. 2011 жылдан «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
«Құрмет» орденімен марапатталды.
Ерғазы Қошанбекұлы Қошанбеков
Последние статьи автора