Ерғазы Асиұлы Кенжин 1961 жылы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Том политехникалық институтын тәмамдаған. Краснояр қаласындағы «қолданбалы механика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде инженер болып жұмыс істеді. 1997-2005 жылдары ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның «Атом энергиясы институтында» зертхана меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары. 2005 жылдан «Атом энергиясы институты» филиалының директоры, 2006 жылдан ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының орынбасары. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР Инженерлік академияның мүше-корреспонденті.
Ерғазы Асиұлы Кенжин
Последние статьи автора