Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдинов 1933 жылы 10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу нәзік химиялық технологиялар институтын және аспирантурасын бітірген. Химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Солтүстік Қазақстан университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын Қарағанды синтетикалық каучук зауытының ауысым бастығы болып бастаған. 1963-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі. 1988-1995 жылдары - Қазақ политехникалық институты физикалық және аналитикалық химия кафедрасының профессоры. 1978-1992 жылдары - Қазақ политехникалық институтының проректоры, ғылыми кеңес төрағасының орынбасары. 1994-2001 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры, ректордың кеңесшісі, мұнай, газ және полимерлерді қайта өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасының профессоры. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Ресей университетінің ректоры. 2003 жылдан бастап Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ғалымның негізгі ғылыми жұмыстары суда еритін полимерлердің негізіне желімдеуіш қосылыстардың қолданылуы және синтез мәселелеріне арналған. 600-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 9 монографияның, 5 оқулықтың, 100-ге тарта авторлық куәліктің және өнертабыстық патенттердің авторы.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдинов
Последние статьи автора