Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)». 1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы. 1991 жылдан - ҚР ГА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері. 1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан - «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана). 2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы. 2008 жылдан бері - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов
Последние статьи автора