Элеонора Нығметқызы Баталова

Элеонора Нығметқызы Баталова  1949 жылы 5 ақпанда  КХР  Құлжа қаласында дүниеге келді.     В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1976) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтын (1983) экономист мамандығы бойынша бітірген. Кітап саудасы мен кітап басып шығару проблемалары бойынша БАҚ-да шыққан көптеген жарияланымдардың, мектепке дейінгі және мектептегі балалардың оқып-үйренуіне арналған танымдық және оқу әдебиеті басылымының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1964 жылдан - Алматы Ағаш өңдеу комбинаты ЕҚБ инженері, комсомол комитетінің хатшысы. 1971 жылдан - «Қазұйымдастырутехникасықұрылыс» жобалау институтының аға инженері. 1975 жылдан - Алматы қаласындағы Фрунзе «Союзпечать» бөлімшесінің бастығы. 1979 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасы директорының орынбасары. 1980 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасының директоры. 1986 жылдан - «Кітаптарды - поштамен» республикалық дүкенінің директоры. 1992 жылдан - «Алматыкітап» қалалық кітап саудасының бас директоры. 1993 жылдан - «Апматыкітап» ЖШС президенті. 2008 жылдан бері - «Апматыкітап баспасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығының президенті (1997 жылдан). Кітап басып шығарушылар, полиграфистер және кітап таратушылардың қауымдастығының құрметті президенті. Тәуелсіз мемлекеттердің кітап таратушылары қауымдастығының вице-президенті (Мәскеу қ., 2002 жылдан). «Аруана» Іскер әйелдер қауымдастығы клубының президенті (2006 жылдан). «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфиялық жәрмеңкелердің ұйымдастырушысы (2001 жылдан). Алматы қаласы Совет аудандық Халық депутаттары кеңесінің 17-19 шақырылымдарының депутаты. Экономика саласындағы екіжақты ұтымды ынтымақтастықты нығайтуға қосқан көрнекті еңбектері үшін «Ұлттар достығы» орденімен (Германия, 2008); «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен, «Баспа және кітап ісі саласының Маршалы» символдық атағы болып есептелетін Францияның Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) Наполеон алтын медалімен (2003); баспа және кітап ісінің стратегиялық менеджментіне қосқан өлшеусіз жеке үлесі үшін Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) төсбелгісімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2005) құрмет белгілерімен (Франция, 2002), Қазақстан Журналистика академиясының «Баспа ісін дамытуға сіңірген үлкен үлесі мен оқу әдебиетін жоғары кәсіби және полиграфиялық деңгейде шығарғаны үшін» құрмет дипломымен марапатталған (2008). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Жұбайы - Әнуар Қасымұлы Баталов – кәсіпкер. Ұлдары – Баталов Райымбек Әнуарұлы (1970 ж. т.) «Райымбек-групп» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы; Баталов Таир Әнуарұлы (1972 ж. т.), «AGRIMER>L1JC президенті; Баталов Наиль Әнуарұлы (1980 ж. т.), «Оптовый клуб» ЖШС бөлім бастығы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста