Егор Яковлевич Каппель
Егор Яковлевич Каппель 1957 жылы 24 қарашада Ақмола облысының Оксановка ауылында туған. Целиноград қаласындағы инженерлік - құрылыс институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Ақмола облысы Вишнёвка ауданының «Вячеславский» совхозында аға прораб болып жұмыс істеген.
1986 -1990 жылдары - Ақмола облысы Вишнёвка аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1990-1995 жылдары - Ақмола облысы Вишнёвка ауданы «Анар» совхозының директоры. 1995-2004 жылдары - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі. 2004-2007 жылдары - Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі. 2007-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап V сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, «ҚХА» депутаттық тобының мүшесі.
«Құрмет» және II дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.