Дулат Хангерейұлы Бақышев
Дулат Хангерейұлы Бақышев 1970 жылы 14 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Yonsei University (1998, Корея) бітірген. Тарих ғылымының кандидаты.
1996-2004 жылдары - ҚР-ның Корея Республикасындағы елшілігінде референт, атташе, үшінші, екінші, бірінші хатшы, елшілік кеңесшісі. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары - БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінің кеңесшісі. 2006-2008 жылдары - ҚР-ның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2008-2010 жылдары - АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры. 2010-2012 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2012 жылғы қаңтардан бастап ҚР-ның Корея Републикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.