Дүйсенғазы Мусин Мағауияұлы

Дүйсенғазы Мусин Мағауияұлы 1957 жылы 15 шілдеде Семей облысының Жарма ауданы Ильинка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Мусин Мағауия, марқұм. Анасы - Мусина Сақып, марқұм. Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1979) агроном мамандығы бойынша; қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Қалбатау ақ басты қойы» тұқым ішіндегі үлгідегі селекцияға қатысқан (1996). «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1979 жылдан - В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы Жарма ауданы Игоревка ауылы). 1985-1988 жылдары - ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылдан - Қазақстан Ленин комсомолы атындағы асыл тұқымды кеңшар директоры (ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылы). 1996 жылдан - «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылы). 2001 жылдан - ШҚО Жарма ауданының әкімі. 2009 жылдың сәуірінен бері - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1992-1998; 1998-2001). «Құрмет» (2007) орденімен, Ауғанстан және ҚР шектеулі соғыстар ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін», «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Мәдениет қайраткері. Шар қала-сының құрметті азаматы (2002). Қазақстанның Енбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері (2004). Әскери атағы - за-пастағы полковник. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Менің Президентім - менің идеалым». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген ел, бай адамдар, бақытты балалар». Хоббиі - «Табиғатқа, жануарлар әлеміне деген махаббаты, жер шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналысуға ерекше құштарлығы». Сүйіп оқитын әдебиеті - «ТАӨ» сериясы, табиғат туралы кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Мусина Бақытгүл Мұстафақызы (1959 жылы туған), зейнеткер, «Жасар» ҰШ кәсіпкері. Ұлы - Мусин Ренат (1983 жылы туған); қызы - Мусина Жанна (1987 жылы туған).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста