Диас Ғабдулхакімұлы Бөкейханов
Диас Ғабдулхакімұлы Бөкейханов 1937 жылы 28 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Техника ғылымының докторы (1992 жылы), профессор (1994 жылы). Ташкент политехникалық институтын (1961 жылы) бітірген. 1961–1966 жылдары Орталық карьераның бұрғылау жөніндегі тау-кен шебері, бұрғылау-жару жұмыстарының бастығы, 1967–1969 жылдары Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) аға инженері, кіші ғылыми қызметкері. 1969 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тау-кен институтының аға инженері, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 120-дан астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы.