Дәурен Хамитұлы Сембаев 1933 жылы 3 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Д.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтын тәмамдаған. Химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
1956 жылдан А.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында ғылыми қызметте болды. Қазір аталмыш институттың бөлімше меңгерушісі қызметін атқарады. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшесі және химия-тенология бөлімшесінің академик хатшысы болған. Негізгі ғылыми еңбектері органикалық қосылыстардың арасындағы өзара құрылымдық байланыстардың ерекшеліктерін, олардың оксидті катализатор қатысында катализдік тотығу және тотықтыру аммонолизін анықтау, органикалық заттардағы әр түрлі орталықтардың реакцияға қабілеттілігі мен олардың катализдік реакцияларға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Сембаев зертханасында ванадий-титанды катализаторлар жасалып, өндіріске енгізілді. Осы катализаторлар негізінде никотин қышқылын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс құрылды (Украина, Умань қаласы). Ғалым 300-дан астам ғылыми еңбектің, 34 авторлық куәлік, 45 патенттің авторы.
Бірнеше медальмен марапатталған.
Дәурен Хамитұлы Сембаев
Последние статьи автора